Бүгін, 1 қыркүйекте Орталықазия техника-экономикалық колледжінің ұжымы онлайн-режимде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқына Жолдауын зор ынтамен тыңдады. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.
Ең алдымен, жаңа саяси-экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін ел Тәуелсіздігін сақтау және нығайту, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді.
«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, экономикамызда қордаланған мәселелер қарастырылып, шикізатқа әлі де тәуелді екеніміз, еңбек өнімділігіның төмендігі, инновацияның жеткіліксіздігі айтылып, оны шешудің нақты жолдары бар екендігі көрсетілді. «Атап айтсақ, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екендігі сөзсіз», - деді Президент.
Бұл орайда Қ.К.Тоқаев еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін де атап өтті. «Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек» - деді Президент.
Мемлекет басшысы бағаны төмендетуді желеу еткен тиісті тексеру органдары мен күш құрылымдарының бизнесті тексеріп, бағаны төмендетуге әуестеніп кеткенін сынға ала отырып, мұндай популистік әрекеттерді доғаруды талап етті.
Жолдауда айтылған тағы бір үлкен жаңалық – Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасының межесін 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілетінін әйел азаматтар өте қуанышпен қарсы алды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отыруға тапсырма берді. «Әр отбасы елдің ұлттық байлықтарын пайдаланудан нақты игілік көруі керек. Сондықтан мен жариялаған
Балалар жылында «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау керек деп есептеймін. Сондай-ақ, Президент бұл қаражатты 18-ге толған азаматтар қалай жұмсай алатынын да айтып өтті. «Кәмелекет толғаннан кейін жинақталған сома баспана мен білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді».
Жоғары білім беру сапасының артуына қарай отандық жоғары оқу орындарындағы білім алу ақысы да өсетіні сөз болды. «Сондықтан, мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр. Оқуға жылдық 2-3% пайызбен жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», - деді Президент.
Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтерілетін болады. Бұл шешім болашақта 1,8 млн адамның кірісін еселеуге мүмкіндік бермек.
ҚР Президентінің атап өтуінше, денсаулық саласына тиісті қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. «Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл үлкен олқылық», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жолдауда мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. «Саяси қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беру керек. Үкіметке тиесілі құзырлықтың бір бөлігін министрліктерге бөлу қажет – нақты бір сала саясатына «ұжымдық кабинет» емес, нақты министр жауапты болуы тиіс. Ал, Үкімет салааралық мәселелерді шешуге ден қояды», - деді Мемлекет басшысы.
Жолдаудың басты бір жаңалығы – биыл кезектен тыс Президент сайлауын, ал келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс пен бүкіл деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысы осы арқылы көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамы жасақталатынын атап өтті.
«Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін артыратыны сөзсіз. Болашақта Үкіметтің құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыстарын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушыбилікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретінітиімлі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жолдауда еліміздегі саяси-экономикалық реформаларды тиімді жүргізудің бұдан басқа да көптеген мәселелері ортаға салынып, халық назарына ұсынылды.
ваша заявка
принята
Наши специалисты перезвонят
вам в течении 30 минут