Қаріп өлшемі: A A A
Сурет:
Қосу Өшіру

Студенттерге қызмет көрсету орталығы қызметінің ережелері

 

Орталықазия техника-экономикалық колледжінің студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) – академиялық және ұйымдастыру процестері бойынша студенттерді ұйымдастырушылық – техникалық қолдауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ колледж білім алушыларының барлық мәселелері бойынша консультациялар беретін ақпараттық-ресурстық орталық.

Орталықазия техника-экономикалық колледжінің СҚКО қызметінің негізгі қағидаттары студентке бағдарлануға, алынған ақпараттың құпиялылығына, сенім негізіндегі ынтымақтастыққа, мәселелерді шешудегі объективтілікке, ақпаратты жедел ұсынуға бағытталған.

1. Жалпы ережелер

1. Осы студенттерге қызмет көрсету орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9 - бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және студенттерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-орталық) қызметінің тәртібін, сондай-ақ өтініштерді қабылдау, өтініштерді (құжаттарды) уәкілетті органдарға уақтылы беруді және қабылдауды қамтамасыз ету, орталықта құжаттарды беру тәртібін айқындайды.

2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Жарғыға, сондай-ақ осы Қағидаларға, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Орталық Заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету кезінде Орталық Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер ала алады.

4. Орталық Мемлекеттік қызметтерді Заңның 3-бабына сәйкес мынадай қағидаттар негізінде көрсетеді:

  • көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік пен ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

5. Орталықтың құрылымы мен штат санын колледж директоры бекітеді.

2. Орталық қызметінің тәртібі

6. Орталықта Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болған кезде 8 сағаттан аспауға тиіс.

7. Орталық қызметкерлерінің жұмыс орындары орталықтың жергілікті есептеу желісіне қосылады.

8. Орталықта өтініш берушілерге көрсетілетін қызметтер бойынша анықтамалық ақпарат беру, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен танысу қамтамасыз етіледі.

Орталықтың негізгі міндеттері болып табылады:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету;

2) Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, төрешілдік, сөзбұйдалық және өзге де әкімшілік кедергілер көріністерін жою үшін жағдайлар жасау;

3) Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға орталық арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсету.

Орталықтың қызметі:

  • Студенттердің оқуға ауысуына, қайта қабылдануына, оқудан шығарылуына және академиялық және ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да мәселелерге өтініштерін қабылдау;
  • Әр түрлі анықтамалар алуға өтінімдер қабылдау;
  • Студенттерді ұйымдастыру-оқу мәселелері бойынша, оқу процесінің кестесі мен академиялық күнтізбесі бойынша уақтылы хабардар ету;
  • Жеке және кәсіби өсуді дамыту саласында консультациялық қызметтер көрсету;
  • Практиканы ұйымдастыру, практикаға және университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • Ақпараттық қолдау, сондай-ақ білім алушыларды колледж қабырғасындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы хабардар ету;
  • Алынған ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

3. Орталықта өтініштерді қабылдау тәртібі

9. Орталыққа жүгінген өтініш беруші өзі алуға қажетті қызметтің атауын көрсете отырып, қағаз тасығыштағы өтініш бланкісін толтырады.

Сапалы консультативтік қызмет көрсету мәселесі бойынша студенттер студенттерге қызмет көрсету орталығына (Орталықазия техника-экономикалық колледжі, 2 қабат) хабарласа алады.