Қаріп өлшемі: A A A
Сурет:
Қосу Өшіру

Астанада WorldSkills Kazakhstan 2023 колледж студенттеріне арналған кәсіби шеберлік бойынша республикалық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды.
Ауқымды байқаудың жабылуына Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әлеуметтік серіктестіктердің өкілдері, кәсіпорын қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Үш жарыс күні 23-25 ​​қараша аралығында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Алматы қаласының атынан қатысқан Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды:
1 орын - Есмағанбет Дошан - Электроника;
3 орын - Маханбетқали Қобыланды, Махмудов Ян - Мобильді робототехника.
Өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелегені үшін барша ЦАТЭК командасына үлкен рахмет!
Барлығын жүлделерімен құттықтаймыз!